• RUB:
    5.17
  • USD:
    478.54
  • EUR:
    533.76
Басты сайтқа өту
Музей Кеше

Лувр музейімен ортақ жобалар басталады

65 рет
көрсетілді

Астанада Ұлттық музей­дің 10 жылдығына ар­налған Қазақстан музей конгресі өтті. Жиын­ға 12 ел­ден 100-ден аса зерт­теу­­­ші мен музей қыз­мет­­­кері қа­тысты. Ауқым­­­ды іс-шара аясында Мә­де­­ниет және ақпарат ми­нистрі Аида Балаева Лувр музейі­нің Ислам өнері де­па­р­­та­ментінің директоры Сурая Нуджайыммен, Фран­­цияның Қазақстан­дағы Төтенше және өкі­лет­ті ел­шісі Сильван Гиогемен кездесу өткізді.

Тараптар Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени байланыстарды нығайту, ынтымақ­тастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Министр екі елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу аясында Астана мен Париж ара­сындағы ғылыми-зерттеу жұ­мы­сындағы әріптестікті одан әрі ны­ғайтуды ұсынып, музей ісі саласындағы бірлескен зерт­теу­лердің маңыздылығын атап өтті.

А.Балаева француз әріптес­теріне тәжірибе алмасуға және екі елдің музейлері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін симпозиумдар, көрмелер мен ғылыми конференциялар, тренингтер мен семинарлар ұйымдастыруды ұсынды.

«Бүгінгі кездесуіміз өте маңыз­ды. Бұл біздің Гиме музейі сияқты Луврмен де тығыз ынтымақтастықта болып, жұ­мыс істеуімізге ықпал етеді деп ой­лаймын. Министр ретінде мен ғылыми ынтымақтастыққа мүд­делімін. Бірлескен күш-жігеріміз жаңа, бұған дейін беймәлім болып келген тарихи деректер мен жәдігерлерді ашуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Басым бағыт ғылыми зерттеулер болуы керек. Бұл екі ел үшін де үлкен мүмкіндіктер ашады. Қазақ мәдениеті халықаралық ғылыми қауымдастықтың назарына іліккен бірегей жәдігерлерге бай. Дегенмен әлі ашылмаған қыр­лары да жетерлік», деген министр Лувр мамандарын Қазақ­станға шақырды.

Өз кезегінде С.Нуджайым екі ел ынтымақтастығын кеңейтуге мүдделілік танытып, Луврдың мәдени мұраны реставрация­лау және зерттеу саласында бірлескен зерттеулер жүргізуге мүдделі болатынын атап өтті.

«Ғылыми ынтымақтастықты дамыту біз үшін де өте қызықты. Бұл бағытта әріптестік орнатуға дайынбыз. Бірлескен зерттеулер Қазақстанның мәдениеті туралы білімімізді кеңейтіп, екі тарап үшін де маңызды жаңалық­тар ашуға мүмкіндік береді», деді Лувр мұражайының Ислам өнері департаментінің директоры.

Кездесуде Францияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі С.Гиоге екі ел үшін ғылыми ынтымақтас­тық­тың болашағы зор сала екенін атап өтті. Сондай-ақ Франция елшілігінің осы жобаларды жүзеге асыруға көмектесуге, ғылым, мәдениет салаларындағы әріптестікті дамытуға дайын екенін айтты.

Сондай-ақ жиын барысында Қазақстан мен Франция арасындағы мәдени және ғылы­ми байланыстарды нығайтуға негіз болатын ынтымақтастық жөніндегі бағдарлама мен құжатты түбегейлі әзірлеу туралы шешім қабылданды. 

Соңғы жаңалықтар