• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Оқиға 27 Қыркүйек, 2024

Теміртауда алимент төлеуден жалтарған 2 тұрғын жауапкершілікке тартылды

95 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының прокуратурасы хабарлағандай, Теміртау қаласының екі тұрғыны бірнеше жылдан бері алимент төлеуден жалтарып, жалпы қарыздары 5,2 миллион теңгені құраған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қала прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 139-бабы (балаға алимент төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасаған.

Іс материалдары сотқа жіберілген. Сот екі борышкерге де пробациялық бақылау орната отырып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Айта кетейік, 2023 жылдан бері Теміртау қаласында алимент төлемеген 43 азамат Әкімшілік кодекстің 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған.