Стенд атудан Алматы облысында өткен Азия кубогінде ел мергендері тағы бес алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Әйелдер арасында Әсем Орынбай үздік нәтиже көрсетсе, ерлер арасында Эдуард Ещенко жеңіске жеткен. Аралас жұптық сында қос спортшымыз финалда Қатар өкілдерін жеңіп, үшінші «алтынды» еншіледі.
Әсем Орынбай, Зоя Кравченко және Адель Садақбаева үштігі әйелдер арасындағы командалық сында чемпион атанды. Ерлер арасындағы бағдарламаның дәл осы түрінен Давид Почивалов, Эдуард Ещенко және Илья Пеньков жеңіс тұғырының бірінші сатысына көтерілді.