• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 03 Қазан, 2024

Құндылықтарды ілгерілетуге ден қойды

68 рет
көрсетілді

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербашпен кездесу өткізді. Тараптар түрлі бағыттар бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Діни білім беру саласындағы бірлескен жұмысты нығайтуға және екі елдің университеттері арасындағы ынтымақтастықты арттыруға баса назар аударылды.

А.Балаева екі елді ортақ дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген берік бауырластық байланыстыратынын атап өтті. Министр мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық аясында ортақ рухани және мәдени құндылықтарды ілгерілетуге ғана емес, сонымен қатар бұл құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Өйткені кез келген дін айналадағы адамдарға деген мейірімділікті, қайырымдылықты, сыйластықты, сүйіспеншілікті насихаттайды.

«Қазіргі әлемде діни мәселелерді түсіндіру, әсіресе, осы бағытта жас­тармен жұмыс істеуге ерекше назар ауда­ру маңызды. Әлеуметтік медиада деструктивті ақпарат көбейген жағдайда жақсыны жаманнан ажырата білу қажет. Сенімді және сапалы ақпаратты қамтамасыз ету үшін бірлескен күш-жігерімізді жұмсауымыз керек», деді А.Балаева.

Ә.Ербаш мұндай кездесулер екі­жақты қатынастардың дамуына сер­пін беретініне сенім білдірді. Ол Түр­кияның Дін істері басқармасы Қазақ­станмен белсенді қарым-қаты­наста болып, студенттерді оқыту мен дамытуға, сондай-ақ олардың қоғамға бейімделуіне көңіл бөлініп жатқанын атап өтті.

Кездесу соңында тараптар рухани-мәдени құндылықтарды насихаттауға бағытталған жемісті жұмысты жал­ғастыруға ниет білдірді.