• RUB:
    5.08
  • USD:
    482.86
  • EUR:
    533.17
Басты сайтқа өту
Театр Кеше

Жетісуда халықаралық «BIKEN» II театр фестивалі өтеді

76 рет
көрсетілді

Талдықорған төрінде халық әртісі, КСРО және Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері, көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Римова атындағы Халықаралық театр фестивалі өтеді.

Фестивальдің  мақсаты  – театр  ұжымдары арасындағы шығармашылық байланысты нығайту және халықаралық театр үдерісіне интеграциялау. Қазақтың көрнекті театр және кино актрисасы Бикен Ырымқызын мәңгі есте қалдыру. Эстетикалық  деңгейді  арттыру  және кәсіби қарым-қатынас құру, серіктестік пен бірлескен шығармашылық жобалардың пайда болуына жағдай жасау. Фестиваль аясында жас режиссерлердің, актерлердің, драматургтердің, суретшілердің жаңа буынын анықтау және қолдау болып табылады.

Фестиваль 2024 жылдың 7-10 қазан аралығында өтеді. Екінші мәрте ұйымдастырылғалы жатқан іс-шараға 8 театр қатысады. Атап айтсақ: Жамбыл облыстық орыс драма театры, В.Гуния атындағы Поти мемлекеттік драма театры, С.Қожамқұлов атындағы Ұлытау облысының қазақ музыкалық-драма театры, Түркияның Эрзурум мемлекеттік театры, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры, Қ.Жантөшев атындағы Ыстықкөл облыстық музыкалық драма театры, Б.Омаров атындағы «Жас сахна» театры.

Оның ұйымдастырушылары – Жетісу облысының әкімдігі, «Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» ММ «Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры» МКҚК.

Соңғы жаңалықтар