• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Оқиға Кеше

Алматыда қараусыз қалған жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

59 рет
көрсетілді

Медеу ауданының Бесағаш ауылдық округінде орналасқан ауданы 0,5600 гектар жер учаскесі сот шешімімен тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің Алматы қаласының Жер ресурстарын басқару департаменті Медеу ауданының Бесағаш ауылдық округінде орналасқан ауданы 0,5600 гектар жер учаскесіне тексеру жүргізді.

Жер учаскесі техникалық қызмет көрсету станциясын, автокөлік жууды, жанармай құю станциясын және қонақ үй салу мақсатында алынған.

«Тексеру барысында бұл аталған жер нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны және қараусыз қалғаны анықталды. Департамент оны алып қою туралы сотқа талап қоюға бастамашы болды. Алматы қаласы сотының шешімімен талап толық көлемде қанағаттандырылды» делінген ведомоство хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар