• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 05 Қазан, 2024

Жәнібек әлем чемпионы атағын қорғады

43 рет
көрсетілді

Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы ке­зекті жекпе-же­гінде жеңіске жетті. WBO һәм IBF нұсқасы бойын­ша чем­пиондық ата­ғын қорғаған жер­лесіміз жаңа­­зеландиялық Андрей Михайловичтен басым түсті.

Аустралияның Сид­ней қаласында өт­кен айқаста Жәні­бек Әлімханұлы 2-раундтың соңына қарай қарсыласын нокдаунға түсір-ген, Михай­ловичті гонг сыңғыры құт­қарып қалды. Дегенмен де Санкт-Петербургте туып, жас­өспірім шағынан Жаңа Зе­ландияға қоныс аударған Андрей Михайлович төзімді-ақ екен. 12 раундтық жекпе-жекті Жәнібек орта жолда аяқтап, қарсыласын ұрып құ­латты. Кәсіпқой бокста осы уақытқа дейін 15 айқас өт­кізіп, 10 жекпе-жекте мер­зімінен бұрын жеңіске жеткен Жәнібектің тегеурініне Андрей ақырына дейін төтеп бере алмады. Андрей де осал емес, кәсіпқой бокста өткерген 21 айқасының барлығында жеңіске жеткен жампоз. Тартыстан кейін Жәнібек қарсыласының қауқары қай раундқа дейін жететінін шамалауды жоспар-лағанын айтты. «Жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында ол «аузымен орақ орды». Тіпті қызды-қыздымен «нокаут­пен жеңемін» деген еді. 5-раунд­та сұлатып салу туралы ойла­дық, бірақ оның осы уақыт­қа дейінгі айтқаны үшін тағы да «сыбағасын» бергіміз келді», деді Жәнібек Әлімханұлы.

Бұл жекпе-жек шілде айын­да өтуге тиіс еді. Жаттығу ба­­рысында Жәнібектің ден­сау­­­лығы сыр беріп, тартыс ке­йінге шегерілді. Аурухана­да ем­делгенде Андрей әлеу­мет­тік желіде қарсыласын ке­ле­междеп бейнежазба да тү­сір­ді. Бұл әрекетіне жа­уап қа­йырған Жәнібек айқас ке­зін­де «аямайтынын» айтқан еді.

Екі нұсқада әлем чем­пио­ны атағын қорғаған саң­лақ до­миникандық Карлос Ада­мес­ (WBC нұсқасы бойын­ша әлем чемпио-ны) пен ку­ба­лық Эрисланди Лараның (WBА нұс­қасының алтын белбеу иегері) қай-қайсысымен де айқа­суға әзір екенін ескертіп, жек­пе-жекке шақырды.