• RUB:
    4.76
  • USD:
    526.11
  • EUR:
    542.31
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2015

Жоғарғы комиссармен кездесті

313 рет
көрсетілді

Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Аз ұлттар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары Астрид Турспен кездесті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. Қ. Жақыпов мейманға Мәжі­ліс­тің ұйымдастыруымен өтетін ҚХА 20 жылдығына арналған «Қа­зақстандық жол: Бірлік. Пат­риотизм. Реформалар» халық­аралық конференциясына қаты­суға ниет білдіргені үшін өз алғысын жеткізді. Осы ретте Мәжіліс Спикері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев саясатының басым бағыттарының бірі – ұлтаралық келісім мәселесі екенін атап өтті. Қ. Жақыповтың айтуынша, біздің еліміз ЕҚЫҰ-мен сындарлы ынтымақтастықты, соның ішінде, азаматтық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша ықпалдастықты өте жоғары бағалайды. Одан әрі Мәжіліс Төрағасы Қазақстанда этникалық топтардың дамуы, тілінің, мәдениеті мен әдет-ғұрпының сақталуы үшін барлық жағдай жасалғандығына тоқталды. Мәселен, бүгінгі күні біздің елімізде 97 мыңнан астам оқушы 37 мектепте, сондай-ақ, 171 аралас мектепте  өзбек, тәжік, ұйғыр тілдерінде білім алады. Сонымен қатар,  Қазақстан этностарының 15 тілде 37 газеті және 11 тілде журналы шығады. Астрид Турс Қазақстанда Жоғарғы комиссар кеңсесі ашыл­ған күннен бастап, тиімді үнқа­тысу орнап, ҚХА-мен өзара белсенді іс-қимыл жүргізіліп келе жатқанын атап өтті. Тараптар сондай-ақ, Аз ұлт­тар интеграциясы туралы және Қазақстан халқы Ассамблеясының іс-тәжірибесі төңірегінде әңгіме қозғады.