• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2015

Мемлекеттік хатшы сингапурлық ғалымдармен кездесті

426 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Назарбаев Университеттің алғашқы түлектерінің оқу орнын бітіруге арналған салтанатты шарасы аясында Сингапур ұлттық университетінің Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің деканы Кишор Махбубани бастаған ғалымдар тобымен кездесті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы қатысты. Мемлекеттік хатшы елдер арасындағы екіжақты бай­ланыстардың жоғары деңгейін айтып, достық қатынастардың ны­ғаюына Сингапур мемле­кет­тілігінің негізін қалаушы Ли Куан Ю-дің зор үлес қосқандығын атап көрсетті. Соның ішінде, тұрақты негізде түрлі деңгейдегі делегациялармен өзара алмасулар жолға қойылған. Айталық, Назарбаев Университет пен Жо­ғары мемлекеттік саясат мектебі стратегиялық серіктес болып табылады. Гүлшара Әбдіқалықова әңгі­ме­лесушілерге Мемлекет басшысы ұсынған 5 инс­ти­тут­тық реформаны, соның бірі – эко­номикалық бағдар­ла­ма­ларды сапалы іске асыруды қамтамасыз ететін және мемлекеттік аппаратты қалып­тастыратын реформаны іске асыру барысы туралы хабардар етті. Мемлекеттік хатшы Син­га­пур­дың бұл бағытта елеулі табысқа қол жеткізгенін атап өтті және Қазақстанның кадрлар даярлау, дарынды жастарды іріктеу мен оларға одан әрі білім беру, соның ішінде «Болашақ» халықаралық сти­пендиясы шеңберінде оқыту мен қолдау саласы бойын­ша барынша тиімді ынты­мақ­тастыққа дайын екенін білдірді. Сыбайлас жемқорлықты түй­сіну индексі рейтингісінің жоғары (7-орын) сатысын нақтылаған ел ретінде сингапурлық делегация өз елінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тәжірибесіне кеңінен тоқталды. Мемлекеттік хатшы сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды кең ауқымда на­си­хаттау саласындағы Синга­пур­дың тәжірибесіне Қазақстан қы­зығушылық танытатынын айтты. Кездесудің соңында Мем­лекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова На­зарбаев Университеттің Жоға­ры мемлекеттік саясат мекте­бі мен Сингапур ұлттық универ­сите­тінің Ли Куан Ю атындағы Мем­ле­кеттік саясат мектебінің өзара тиімді серіктестік қарым-қаты­нас­тары Қазақстанның адами әлеуе­тінің одан әрі сапалы дамуына сеп­тігін тигізетіндігіне сенім біл­дірді. Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
Соңғы жаңалықтар