Алакөл ауданы, Екпінді ауылындағы №72 дауыс беру учаскесіне ауылдың ата-әжелері арнайы ұлттық киіммен келіп, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Өз кезегінде ақ жаулықты аналар мен қариялар болашақ ұрпақтың дамыған мемлекетте бақытты да баянды өмір сүруін тіледі.
Ұлттық киімді насихаттап, үлгі тұтқан қарттарымыздың бірі Шапиолда Қасымбаев: «Бүгін еліміз үшін маңызды шешім қабылдайтын күн. Бұл маңызды күнде қазақтың ұлттық киімімен ауыл ақсақалдары жиналып, дауыс беруге келдік. Ел болашағын айқындайтын шарадан ардагерлер тыс қалмаймыз», деді.