ҚР Бас прокуратурасы Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басқарма бастығы Бекжан Қараманов референдум өткізуде заңның сақталуы және сайлау учаскелерінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Дауыс беру процесі құқықтық алаң аясында өтіп жатыр. Референдум комиссиялары мен мемлекеттік органдар тарапынан бұзушылықтар тіркелген жоқ. Ешқандай үгіт-насихатқа жол беріліп жатқан жоқ. Осы талаптарды сақтамау әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 102, 120-баптары бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Қазір мұндай заңбұзушылықтар туралы хабарлама келген жоқ», деді Б.Қараманов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Айта кетейік, бүгін ел көлемінде қоғамдық тәртіпті сақтауға 33 мыңға жуық полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылған. Оның ішінде 18 мың полицей 10 мыңнан астам референдум учаскесінде қызмет етіп жатыр.