• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2024

Түрлі ұлт өкілдері бірліктің үлгісін көрсетті

60 рет
көрсетілді

Ынтымағы мен ырысы жарасқан Текелі қаласында тұратын сан алуан ұлт өкілдері республикалық референдумға белсенді қатысып, «Болашақ үшін дауыс береміз!» деп ұран тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақ, орыс, неміс, татар, өзбек, кәріс ұлтының өкілдері №452 дауыс беру учаскесіне ұлттық киімдерімен келіп, татулық пен бірліктің, отаншылдықтың өнегелі үлгісін көрсетті.

«Қазақстан – біздің Отанымыз! Еліміздегі жетістіктерге, жаңа бастамаларға ылғи қуанып, барынша қолдап отырамыз. Достық, бірлік, татулық – баға жетпес байлығымыз. Сондықтан да бүгінгідей аса маңызды таңдау кезінде референдумға әртүрлі ұлт өкілдері бір кісідей қатысып, ынтымағымызды паш етсек, кейінгі буынға үлгі көрсетсек деп келдік», деді кәріс этномәдени орталығының мүшесі Татьяна Ким.