Сайрам ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің №580 референдум учаскесінде Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері Ахмеджан Анартаев өз таңдауын жасады.
Қария референдумға келушілерге, ондағы комиссия мүшелері мен байқаушыларға саяси науқанның сәтті өтуіне тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді. Майдангер ақсақал 1926 жылы 10 қарашада Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында дүниеге келген. 1944 жылғы 5 мамырда Сайрам аудандық әскери комиссариатынан әскерге шақырылып, 64-інші атқыштар полкында қызмет етті. Қатардағы жауынгер шенінде Польшаны азат ету жолындағы шайқастарға, Германиядағы ұрыстарға қатысты. ІІ дәрежелі «Отан соғысы» орденімен және бірнеші медальдермен марапатталған. Бүгінде 9 баласы, 28 немересі, 5 шөбересі бар.
«Елдің болашағы үшін әрбір азамат референдумда өз дауысын беруге міндетті. Бүгінгідей ел еңсесін тіктеген шақта ауызбіршілігіміз мықты болуы тиіс», дейді қарт майдангер.