• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2024

Талдықорғанда 986 мүгедектігі бар азамат дауыс беру құқығына ие

66 рет
көрсетілді

Талдықорғандағы дауыс беру учаскелерінде барлық тұрғынға, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтарға дауыс беру үшін тең жағдай жасалған.

Көру және тірек-қимыл аппараты бұзылған дауыс берушілер үшін «Инватакси» қызмет көрсетіп, оларды дауыс беру учаскелеріне дейін тасымалдап жатыр.

Осы ретте №429 дауыс беру учаскесіне Эльмира Смағұлова да инватакси қызметі арқылы келіп, өз таңдауын жасады.

«Әр адамның дауысы маңызды. Барлық азаматтың теңдігі мен мүддесін құрметтеу арқылы ғана күшті және әділ қоғам құруға болады. Референдум - физикалық мүмкіндігіне қарамастан, әркімнің ел болашағына үлес қосатын мүмкіндігі», деді қаламыздың белсенді тұрғыны, әрі журналисі.