• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 07 Қазан, 2024

Қарағанды облысындағы шахтада екі кенші қаза тапты

77 рет
көрсетілді

«Қазақмыс» компаниялар тобына қарасты «Саяқ-3» шахтасында екі кенші көз жұмды. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Марқұм болған кеншілер көміртегі газынан уланған. Сонымен қатар компанияның тағы бір қызметкері ауруханаға жеткізілген. 

Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. 

«Барлық қызметкерлерді жедел эвакуациялау жүргізілді. Зардап шеккендер жақын маңдағы медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, екі қызметкер қайтыс болды», делінген  «Қазақмыс» мәлімдемесінде.

Компания қаза болған кеншілердің отбасына тиісті көмек көрсетілетінін хабарлады. 

Ал облыстық полиция басқармасы қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

«Саяқ-3» шахтасында болған оқиғаға байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 277 бабының 2 тармағына сәйкес, яғни абайсызда адам өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша кешенді тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.