• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Театр 08 Қазан, 2024

Қойылым құдіреті

37 рет
көрсетілді

Театр – өнердің биік ордасы. Оның киелі сахнасында көңіл күй, қуаныш пен сүйініш, ақ желкен арман, сезім, өмірге деген көзқарас, іштей толғаныс, дүниетаным – бәрі-бәрі астасып жатады. Міне, Астанаға жолым түсіп, тағы да ауласы гүл жайнаған өнер ордасы Музыкалық жас көрермен театры ғимараты алдында тұрмын. Бұл үздік жаңа қойылымдарымен театр сүйер көрер­менін тәнті ететін, жан дүниемізге рухани байлық сыйлай­тын қасиетті мекен екені жұрт­шылыққа аян.

Мен мұнда Абай мен Тоғжан, Шәмші, Мұқағали, Тастан мен Салтанат, Қайыркенмен қайта қауышуға келдім. Қазақстан қала­ларына гастрольдік сапармен келгенде де жергілікті халық Музыкалық жас көрермен театры спектакльдерін ерекше ыстық ықыласпен тамашалайтынын жиі естіп жүрмін. Баспасөз беттерінде де аз жарияланып жатқан жоқ.

Театр. Сахна шымылдығы... Көрермен қошеметінің белгісі – қол шапалақтаудан кейін спектакль басталысымен-ақ, жүрек тебіреніп, көңіл шіркіннің сезім­ге толы пернелерін шертері сөзсіз. Кейіп­керлер­мен бірге бір кемеде жүзгендей күй ке­шесің.

Шымылдық жабылады. Қойылым со­ңындағы көрерменнің қошеметі актерлер өнері мен олардың еңбегіне деген жоғары баға емес пе? Бас ию мен құрмет белгісі деп білемін.

Біраз уақытқа дейін қойылым әсерінен шыға алмай, сол сезім жетегіндегі кө­рермен қалаған театрына қайта-қайта ба­рары сөзсіз...

 

Ғазиза ӘЛІБАЙ

Түркістан облысы,

Ордабасы ауданы