• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2015

Жұмысты тиімді ету маңызды

199 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Арселор Миттал» компаниясының төрағасы және бас атқарушы директоры Лакшми Митталды қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесуде компанияның Қа­зақстан экономикасын да­мытуға қатысу мәселелері, оның мемлекет жүзеге асырып жатқан бағ­дарламалар аясындағы қызметінің келешегі талқыланды. Сондай-ақ, Теміртаудағы «Арселор Миттал» металлургия комбинаты жұмысының негізгі мәселелері қарастырылды, әлемдік экономикадағы қатерлерді ескере отырып, кәсіпорынның тұрақты әрі тиімді қызметін қамтамасыз ету қажеттілігі атап өтілді.