• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Басылым 09 Қазан, 2024

Қожа әзербайжан тілінде сөйледі

83 рет
көрсетілді

Тұтас буынға шапағын шашқан көрнекті жазушының құнды мұралары бүгіннен ертеңге бет алған алып кеме іспетті.

Қазақ балалар әде­биеті­нің классигі Бердібек Соқ­пақ­­баевтың 100 жыл­­дық мерей­­тойы қарсаңында Ба­куде «Ме­нің атым Қожа» кітабы­ның тұсау­ке­сер рәсімі өтті. Түркі мәдениеті мен мұрасы қо­рының қа­тысуымен өт­кен шара X Баку кітап жәрмеңкесі ая­­сында ұйымдастырылып отыр. Іс-ша­­­раға арнайы қа­тысқан Пре­зидент ке­­ңес­­­шісі Мәлік Отарбаев роман­ның екі ел үшін де маңызды екенін жет­­кіз­ді.

«Биыл қазақтың бел­гі­лі­­ қа­­­­лам­­гері Бердібек Соқ­пақбаев­­­­­­тың туғанына 100 жыл толып отыр. Мерейтой ЮНЕСКО кө­ле­­мінде аталып өтілетін болып, арнайы кешенді іс-шаралар бағ­­­дарламасы әзірленді. X Ба­ку кітап жәрмеңкесі қар­саңында «Менің атым Қо­жа» романы тұңғыш рет әзербайжан тілінде жарық көріп отыр. Соқпақбаев шығармалары өсіп келе жат­қан жеткіншектердің ақыл-ойын жетілдіруде, екі елдің қа­­рым-қатынасын нығайтуда бас­­ты рөл атқарады», деді ол.

Түркі мәдениеті мен мұ­расы қоры­ның президенті Ақтоты Райым­­құлова ро­манның 68 тілге ауда­рыл­ғанын, өтіп отырған елеулі іс-шара түркі әлемі­нің бай мұра­сын сақ­тау мен болашақ ұрпақ­қа табыс­тауға бағыт­талға­нын тілге тиек етті.

Жазушының қызы Самал Соқ­пақбаева жиналған көпшілікке риза­шы­лығын білдіріп, Мемлекет басшысына алғыс айтты.

«Әкем Бердібек Соқ­пақ­баев­тың мерейтойын тек елімізде ғана емес, өзге де мемлекеттерде кеңінен атап өту туралы бастама­сы үшін Прези­дентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа ал­ғы­сымды білдіремін. Әзер­байжан тара­пына қос халық­тың бір­лігін нығайтатын іс-шара ұйым­дас­тырғаны үшін ерекше алғыс айтамын», деді ол.

Тұсаукесер рәсіміне ке­луші­лер қа­­­ламгердің жеке заттарымен, сон­дай­-ақ ыдыс-аяқтары және аксес­суар­­ларымен таныс­ты. Мұнан соң Әзер­­­байжан театрының әртістері «Ме­­нің атым Қожа» романынан үзін­­ді­лер оқып, көрерменді тәнті етті.