• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 14 Қазан, 2024

Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануы: Кінәлілер жазаланды ма

99 рет
көрсетілді

Қыркүйек айының басында Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының №8 мектебінде оқушылар жаппай уланып ауруханаға түскен еді. Бүгін Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту министрі осы оқиғаға байланысты кінәлілердің жауапқа тартылғанын мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Ғани Бейсембаевтың айтуынша, оқушылар жаппай уланған мектепті ыстық тамақпен қамтуы тиіс болған кәсіпкер мұндай істерден шеттетілген. 

«Тамақтану мәселесіне байланысты оны ұйымдастырған кәсіпкерлердің жауапкершілігі мәселесін үнемі көтеріп келемін. Нақты Маңғыстау облысы бойынша тамақтандырумен айналысқан кәсіпкер мектептен аластатылды. Менің білуімше, бұдан былай бұл кәсіпкердің қандай да бір мектепке араласуына шектеу қойылды. Одан бөлек, тиісті жауапты тұлғалар жауапкершілікке тартылды. Білім басқармасының басшысы жұмыстан кетті, әкім орынбасары жауапқа тартылды, оған қоса кәсіпкерлермен келісімшарт тоқтатылып, басқа кәсіпкерге алмастырылды», деді Оқу-ағарту министрі.