СҚО прокуратурасы алимент төлемдерін және мемлекет кірісіне өндірілуге жататын сомаларды төлемеу фактілерінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шал ақын ауданының прокуратурасы ағымдағы жылдың өткен кезеңінде қадағалау актісімен алимент төлемдері бойынша 8,4 млн теңге және мемлекет кірісіне 2,3 млн теңге берешекті өндірді. Анықталғандай, ҚР-ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 669-бабына сәйкес 3 қасақана борышкер 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алынған.
Сонымен қатар, 2 борышкер Қылмыстық кодексінің 139,430-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
«Кәмелетке толмаған баланы асырау бойынша алименттік міндеттемелерін 7 айдан астам орындамау салдарынан 2,6 млн теңге қарызы бар борышкер «С»-ға Шал ақын аудандық сотының 06.05.2024 ж. үкімімен ҚК-нің 139-бабы бойынша 1 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», делінген хабарламада.Басқа жағдайда, заңды күшіне енген сот шешімін 6 айдан астам орындамағаны үшін борышкер «A» ҚК-нің 430-бабы бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түріндегі қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Аудан прокуратурасы балаларының алименттерін, мемлекет алдындағы берешектерін дер кезінде төлеу керек екенін еске салды.