• RUB:
    5.02
  • USD:
    487.24
  • EUR:
    529.34
Басты сайтқа өту
Ғылым 16 Қазан, 2024

Ғалымдар тәжірибе алмасты

67 рет
көрсетілді

Абай атындағы Қазақ ұлттық пе­да­го­ги­калық университеті халық­­­­­ара­лық ынтымақтастықты ке­ңей­ту, педагогикалық тә­жі­рибе ал­­масу мақсатында же­тек­ші ­ше­­тел­­дік ғалым­дар­ды шақырған бо­ла­­тын. Ғылым және жоға­ры білім министр­лігінің қолдауы­мен­ іске асқан іс-шара ба­ры­­сын­да шетел­дік ға­лым­­дар мен оқыту­шылар өз тә­жі­­­­ри­­­бе­сімен бөлісті.

Бурса Улудаг университетінің про­фессоры Салих Чепни, Трабзон универ­си­те­тінің профессоры Муаммер Чалих (Түр­кия) және Окаяма универ­ситетінің про­­­фессоры Хироки Фуджи (Жапония) уни­вер­ситеттің жараты­лыстану және гео­графия факультетінің білім алушылары­на дәріс пен семинар өткізіп, оқы­ту­шы­­ла­рмен, жас ғалымдармен тәжірибе алмасты.

Педагогикалық тәжірибе мен озық инно­ва­­циялармен алмасу алаңын қа­лып­­­тастыруда шетелдік ғалым­дар­мен өзара байланыс орнату заманауи білім технологияларын енгізуге, жаңа формациядағы бәсекеге қабілетті ма­ман­­дар­ды даярлауға ықпал етеді. Универ­си­­теттің бастамасымен ғалымдар Ораз Жан­до­сов атын­дағы №105 гимназияда болып, уни­вер­ситет пен мектеп арасындағы байланысты нығайта түсті.

Сапар барысында шетелдік про­фес­­сор­­лар еліміздегі мектеп­тердің күн­­делікті қыз­­метімен танысып, оқушы­лар­мен және ұстаздармен білім жүйесінің ерек­­­ше­­­лік­­терін талқылап, оқу үрдісінде қол­­­да­­­ны­ла­тын инно­ва­циялық тәсілдерді зер­­де­леді.

Абай университетінің баста­масы отан­­дық мектеп оқушы­лары мен мұғалім­де­ріне ха­лық­­аралық сарапшы­лар­мен бі­лім және тәжірибе алмасуға біре­гей мүм­кіндік берді. Шетел профес­сор­лары­ның пікірінше, тәжірибе алмасу кәсіби да­­муға ықпал етіп, қатысу­шы­лар­дың көк­­­жиегін кеңейтіп, ­заманауи білім беру озық әдіс-тәсіл­дерін тереңірек түсі­нуге жағдай жасайды.

Университет басшылығы мұн­дай­ іс-ша­ралар әртүрлі дамыған елдің білім меке­ме­лері арасын­дағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете отырып, бірлескен ғылы­ми және білім жобалары үшін жаңа бағыт­­тарға жол ашады деген сенімде. Бұл бастамалар халықаралық байланыс­тарды нығайтып қана қоймай, жоғары оқу орындары мен мектептердегі білім сапасына оң әсер ететін инновациялық білім технология­ларын енгізуде де тиімділігін көрсетпек.

 

АЛМАТЫ