• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қазан, 2024

Маңғыстау облысында жол апатынан 6 шетелдік қаза тапқан

195 рет
көрсетілді

Жол апаты 16 қазан күні сағат 07:30-да Бейнеу-Тәжен тас жолында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Jac көлігі жол жиегінде тұрған MAN жүк көлігіне соғылған.  Жүк көлігі шекарадан өту үшін кезекте тұрғаны белгілі болды.

«Көлікте барлығы 10 адам болған. Олардың төртеуі Бейнеу орталық аудандық ауруханасына жатқызылды. Зардап шеккендердің жағдайы орташа ауыр. Науқастар қажетті емді толық көлемде алып жатыр. Оқиға салдарынан 6 адам қаза тапты», деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар жол-көлік оқиғасына қатысқан көліктердің Өзбекстан Республикасында тіркелгені анықталған. Сондай-ақ зардап шеккендер мен қаза тапқандар Ресей Федерациясынан кеткен Өзбекстан азаматтары екені белгілі болды.

Аталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.