• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Қазан, 2024

Қызылорда облысында жасөспірімді өлтірген оқушы сотталды

231 рет
көрсетілді

Қызылорда облысында төменгі сынып оқушысын ұрып өлтірген оқушыға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, биыл 12 ақпанда Белкөл кентінде жоғары сынып оқушысының жұдырығынан тоғызыншы сыныптағы жасөспірім жантәсілім болған. Олар баланы көпқабатты тұрғын үйдің дәлізінде соққыға жығып, кейін оның денесін медициналық мекемеге жеткізген. Алайда бұл сәтте ауыр соққы алған оқушы көз жұмған. Сот сотталушыны 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.

«Сотталушы жәбірленушіге «неге шылым шегесің?» деп ескертпе жасап, қылмыстық пиғылын орындау мақсатында жәбірленушінің кеуде тұсынан 2 мәрте жұдырықпен ұрған. Нәтижесінде, жәбірленуші оқиға орнында жүрегі тоқтап, көз жұмды. ҚР ҚК 106-бабының 3-бөлігімен сотталушы кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ», деді Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот әкімшісінің басшысы Дәурен Тайыров.