• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Қазан, 2024

Спортшылардың өткен аптадағы жеңістері

160 рет
көрсетілді

Бұл туралы сала министрлігінің шолу мәліметі жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дзюдо: Ташкент қаласында әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында Ұлттық құрама спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.Кёрлинг: Шотландияның Абердин қаласында өтіп жатқан кёрлингтен аралас командалар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғаш рет жаһандық доданың плей-офф кезеңіне жолдама алды.Теннис: Зарина Диас Түркияның Кайсери қаласында өткен ITF W50 турнирінде жеңімпаз атанды. Ол финалда әлемнің 224-ші, ал аталған жарыстың 3-ракеткасы Беларусь өкілі Алена Фалейді 0:6, 6:4, 6:3 көрсеткішімен ұтты.Аралас жекпе-жек: АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 245 турнирі өтті. Аталған додада Асу Алмабаев (20-2) бразилиялық қарсыласы Матеус Николауды (19-4-1) төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңді.