• RUB:
    5.02
  • USD:
    485.11
  • EUR:
    523.82
Басты сайтқа өту
Табиғат 23 Қазан, 2024

Түркістан облысында браконьерлер қолға түсті

131 рет
көрсетілді

Түркістан облысында полицейлер күдік туғызған көлікті тексеру кезінде браконьерлерден 16 ақбөкеннің ұшасын және түрлі қару-жарақ тәркілеген, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Polisia.kz-тің мәлім етуінше, күмәнді Toyota Land Cruizer көлігі, 16 ақбөкеннің ұшасы және 13 бас бөлігі, 2 пышақ, 58 аңшы мылтығының оғы, дүрбі, аңшы мылтығы, 12 калибрі екі ұңғылы 2 мылтық, 4 жарықтандырғыш заттай дәлелдеме ретінде тәркіленіп алынған. Тиісті сараптама тағайындалды.

Көлікте күдікке ілінген 4 ер адам полиция бөліміне жеткізілді. Олар Жамбыл облысы тұрғындары болып шықты. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.