• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Тағзым 24 Қазан, 2024

Абай орталығы ашылды

206 рет
көрсетілді

Өзбекстандағы Ш.Рашидов атындағы Самарқанд мемлекеттік университетінде Абай атындағы ғылыми-мәдени орталық және қазақ тілі мен әдебиеті бөлімі ашылды.

Салтанатты іс-шараға Қазақ­с­тан­ның Өзбек­стандағы елшісі Бейбіт Атамқұлов, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп, Самарқанд мемлекеттік университетінің ректоры Рустам Халмурадов Қазақстан Ғылым және жо­ғары білім министрлігінің, Өзбекстан Жоғары білім, ғылым және инновациялар ми­нистр­лігінің өкілдері қатысты.

Орталықтың ашылу салтанатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситетінің ректоры Болат Тілеп сөз сөйлеп, ғылыми-мәдени орталық, қазақ тілі мен әде­биеті бөлімінің ашылуы – екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту, білім мен мәдениет сала­сын­дағы байланыстарды дамыту жолындағы маңызды қадам екенін жеткізді.

«Бұл – шетелде Абай универ­си­теті тарапынан ашылған же­тін­ші орталық. Самарқанд төрінде бой көтерген орталық тек білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналып қана қоймай, түркітілдес халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністік қарым-қатынасты дамытуға қызмет етеді», деді ол.

Іс-шара аясында Абай универ­си­теті өкілдері Самарқанд мем­ле­кеттік университетінің ректоры Рустам Халмурадовпен, филология факультетінің про­фес­сор-оқытушылар құрамы­мен кездесіп, білім, ғылым сала­сын­дағы байланыс туралы пікір­лес­ті.

Биыл Абай атындағы ҚазҰПУ-да Әлішер Науаи атындағы тіл және әдебиет орталығы ашылып, түр­кітілдес халықтарға ортақ тұл­ғаның шы­ғар­машылығын зерттеу және насихаттау іс-шаралары бас­тау алды. Қазіргі таң­да Абай университетінде Өзбек­станнан келген 148 студент білім алады.