28 қазан сағат 09:00-ден 3 қараша сағат 19:00-ге дейін Алматыдағы Бұқар жырау бульвары бойынша Есентай өзенінен Байзақов көшесіне дейін бір жолақ жабылады, деп жазады Egemen.kz.
«Бұқар Жырау бульвары бойынша Жароков көшесінен Есентай өзеніне дейінгі аралықта орташа қысымды жерасты газ құбыры 1972 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы ұзындығы – 1766,9 метр. Пайдалану кезінде оқшаулағыш жабынның зақымдануы, сондай-ақ құбырдың төрт жерінен ақау анықталды», деп хабарлады жергілікті әкімдіктен.
Жұмыс аяқталғаннан кейін іргелес аумақты абаттандыру және асфальт төсемді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.