Оқиға 28 Қазан, 2024

Астанадағы жатақханалардың бірінен өрт шықты

143 рет
көрсетілді

Елордада Сарыарқа ауданындағы Шәкен Айманов көшесіндегі жатақханалардың бірінің дәретханасы өртенді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар жиһаздың жануын жедел түрде сөндіріп, өрттің таралуына жол бермеген. 

Қызыл жалыннан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.