• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Өнер 30 Қазан, 2024

«Атамекенді» әйгілеген арғымақтар

74 рет
көрсетілді

Мүсіншілік өнер қазақ даласында ерте кезден-ақ төбе көрсетіп, құн­ды ескерткіштер бой көтерген. Бабалар мұрасының асыл сы­ны­ғы үзілмей, талантты шеберлер еңбегімен толығып келе­ді.

Павлодарда мүсінші, халық­ара­лық Turan сыйлығының лау­реа­ты Данияр Сарбасовтың жеке көр­месі ашылып отыр. Экс­по­зи­цияға автордың соңғы он жылда сом­д­аған отызға тарта кестелі туын­­ды­лары іріктеліп қойылған. Ани­­малист-мүсінші еңбектерінің басым көпшілігі ұлтымыздың төл жа­нуары, қанатты пырақ жылқы ма­лына арналған. Мүсінші туындылары сонымен қатар қиял-ғажайып ер­тегілер мен қадау-қадау тарихи оқи­ғаларға негізделіп жасалған. Мәсе­лен, дәуіт пен жыланның бей­несі сомдалған ерекше мүсін қой­нына кенен тарихи астар жасырған.

– Дәуіт пен жыланның бейнесі сом­далған мүсінге тереңірек үңіл­­сек, ондағы жыланнан қытай­дың империясын, қытайдың айда­һарын көруге болады. Ал дәуітті ғұнның ке­зін­дегі кентаврлар деп қарас­тыр­сақ бо­лады. Сондықтан мұнда ежелгі та­рихтағы ғұн­дар­дың қытай империя­сын жау­лап алғаны айтылып тұр. Соны­мен бірге «Пегас» деген жұмы­сым арқы­­лы халықаралық «Шабыт» фес­ти­валінің бас жүл­десін ие­лен­дім. Онда сақтың өрнектері мен қазіргі қазақы нақыштарды араластырып, өз ойымдағы стилис­тиканы бейнелеп, дүниеге әкел­ген едім, – дейді мүсінші Данияр Сарбасов.

Жоғарыда айтқанымыздай, көр­меге қойылған экспозициялардың басым көпшілігі жылқы тақы­рыбын қаузайды. Мұнда бәйге аттары, жорға, шу асау бейне­сіндегі жануарлар, Ақан серінің Құлагері, мифтік бей­не­­дегі мү­йізді тұлпарларға дейін әспет­­тел­ген. Сондай-ақ мүсінші скиф-сақ мәдениетін терең зерттеп, осы бағытта бірнеше туынды­ны өмірге әкелген. Баянауыл ауда­­нының тумасы «Атамекен» атты ал­ғаш­қы көрмесін туып-өскен топы­ра­ғындағы жерлестеріне арнап отыр.