• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Президент 31 Қазан, 2024

Президент Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасымен кездесті

93 рет
көрсетілді

Шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы аясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Polpharma компаниясы бақылаушылар кеңесінің төрағасы Ежи Старакты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде әлемдегі жетекші фармацевтикалық компанияның Қазақстан мен Орталық Азиядағы қызметін кеңейту мәселелері талқыланды.Мемлекет басшысына компанияның сапаны бақылау зертханасы мен ғылыми-зерттеу сынақ орталығының құрылысы аяқталғаны жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ таяу арада жаңа дәрілік препараттар өндірісін іске қосу жоспары таныстырылды.Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның фармацевтика индустриясындағы ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту және оқу бағдарламаларын енгізу маңызды екенін атап өтті. Мемлекет басшысы көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен өңірлерге қажетті дәрі-дәрмектерді жедел жеткізіп бергені үшін польшалық инвесторға алғыс айтты.Кездесу соңында Ежи Старак Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі кітап сыйға тартты. Оның біріншісі Polpharma компаниясының демеушілігімен түсіріліп жатқан деректі фильмге арналған. Бұл фильмде Бекет ата, Қожа Ахмет Ясауи, Арыстан баб кесенелері, Таңбалы петроглифтері мен Ботай қонысы секілді Қазақстанның киелі жерлері таспаланған.Екінші кітап – қазақтың белгілі жазушысы, Польшаны басқыншылардан азат етуге қатысқан майдангер Кемел Тоқаев туралы ғұмырбаяндық жинақ. Бұл басылым Польша-Қазақстан тарихы комиссиясының қолдауымен әзірленді.