Президент 31 Қазан, 2024

Президент Испания Короліне көңіл айту жеделхатын жолдады

220 рет
көрсетілді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп жазады Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Испанияда табиғи апат салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Король VI Фелипеге көңіл айтты.

- Осындай ауыр сәтте Сізге, жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін,-деп жазылған жеделхатта.