Жастар арасындағы әлем чемпионатында 7 отандасымыз финалға шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасынан әртүрлі салмақтағы 17 боксшы жартылай финалда жұдырықтасып, олардың 7-еуі финалға жолдама алды.
51 кг. Бексұлтан Боранбек – Джастин Морено
67 кг. Төрехан Сабырхан – Эспиноса Сантоя
71 кг. Өнер Сейілхан – Алексей Гуков
75 кг. Санжарәлі Бегалиев – Жафарбек Шахбазов
50 кг. Елянур Тұрғанова – Пик Карла
66 кг. Ұлдана Таубай – Дойли Бирн
81 кг. Аружан Зейноллаева – Рухшона Парпиева
Финалдық жекпе-жектер қарашаның 2-3 күндері өтеді, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.