• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Оқиға 01 Қараша, 2024

Ақмола облысында жеңіл көлік пен пойыз соқтығысып, 3 адам көз жұмды

142 рет
көрсетілді

Ақмола облыстық Полиция департаменті 30 қазанда түнде Степногорск-Заводский тас жолында жолаушылар мінген жеңіл көлік тепловозбен соқтығысқанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Теміржол өткелінде 6 адам мінген «Ауди В4» көлігі үш бос цистерна тіркелген тепловозға соқтығысқан.

Салдарынан көлік жүргізушісі мен 2 жолаушы көз жұмған. 

«Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, екі жолаушы ауруханада жан тапсырды. Өзге үш жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Степногорск ауруханасына жеткізілді», делінген ПД хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары басталып, жол-көлік оқиғасының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.