• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қараша, 2024

Куәліксіз көлік жүргізген шекара қызметкері айыппұл арқалады

142 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысы бойынша шекара қызметі департаментінің бөлім бастығы жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, көлік жүргізгені үшін ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаулыға сәйкес, ер адам 2024 жылғы 14 мамырда ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша куәлігінен айырылған.

Алайда ол 2024 жылдың 15 қыркүйегінде Орал қаласында тағы да әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Сот отырысында азамат С. айыппұл түріндегі шектеуді сұраған, сондай-ақ оны уақытында орындауға уәде берген.

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігіне сәйкес көлік құралын куәлігінен айыра отырып басқару – 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулікке әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады. Сот заңның барлығына міндетті екенін, қайталап бұзатын болса, одан да қатаң шараларға әкеп соғуы мүмкін екенін баса айтып, 184,6 мың теңге айыппұл салған.