Қарағанды облысында салынып жатырған зауытта дәнекерлеуші қаза тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
eKaraganda.kz-тің ақпаратынша ер адам 3 қараша күні монтаждау және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде биіктен құлап кеткен.
Еңбек инспекциясының департаменті оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрылатынын мәлімдесе, өңірдің полиция департаменті «абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастап кеткен.
Сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.