• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Зерде 04 Қараша, 2024

Абай облысында мектеп оқушысы инновациялық жоба жасады

110 рет
көрсетілді

Абай облысы, Бородулиха ауданы, Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің 9-сынып оқушысы Жеңіс Божаев күн энергиясын тұрмыстық қажеттіліктерге пайдалану мүмкіндіктерін зерттейтін құрылғы жасады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Инновациялық жобаны ұсынған оқушы әуелі күн коллекторының сызбасын әзірлеп, бөлшектерден қондырғыны құрастырудан бастаған.

«Коллекторды құрастыру кезінде ағаш каркас пен пеноплекс жылу изоляциясын қолдандым. Осылайша, жүйенің қос қабатты шыны арқылы герметикалық тығыздығын қалыптастырдым. Жылу аккумуляторы ретінде арнайы ыдысты қолдана отырып, тиімділігін сынақтан өткіздім. 0,33 м² көлеміндегі коллектор құрылғысы 30°C температураға дейін қызу беріп, күні бойы 2 142 000 Дж энергия жинай алатынын көрсетті. Жобаны жүзеге асыру арқылы туған өлкемнің экологиясын жақсартуға үлес қосқым келеді», дейді абайлық жас өнертапқыш.

Аталған құрылғы сынақтан өткізілген. Жеңіс Божаевтың есептеуінше, 23 м² аумақты қамтитын күн коллекторы арқылы орташа үйдің ішін жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге болады. Құрылғыны үйдің төбесіне орналастыру тиімді әрі кеңістікті үнемдейді.