• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 04 Қараша, 2024

Сотталушының шартты жазасы нақты жазаға ауыстырылды

89 рет
көрсетілді

Түрксіб аудандық сотында пробация қызметінің А.Әпсейтовқа қатысты бұрын тағайындалған жазаны шартты түрде жазамен ауыстыру туралы ұсынысы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

 

Өтініш пробация режимі талаптарының бірнеше рет бұзылуына байланысты ұсынылған.   Сотталған азаматтың уәкілетті органға хабарламастан әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен тыс жерлерге шығып, ол жерде ойын-сауық мекемелеріне барғаны және өзін «Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы» КММ төрағасының кеңесшісімін деп таныстырғандығы анықталған.   Сонымен қатар Қазақстан Республикасының құрметті азаматы ретінде іс-шараларға қатысып, телеарналарға сұхбат бергені белгілі болды.   Бұған дейін Әуезов аудандық сотының 2023 жылғы 2 қарашадағы үкімімен А.ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігінің 2-бөлігімен (Алаяқтық) кінәлі деп танылып, 5 жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. «Сот шешімімен пробация қызметінің ұсынысы қанағаттандырылды. Шартты жаза нақты жазаға ауыстырылды. Жазаны өтеу мерзімі 2024 жылдың 4 қарашасынан бастап есептеледі», делінген сот хабарламасында.