• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Заң 05 Қараша, 2024

Сенатта сот жүйесін жетілдіру туралы заң қаралды

56 рет
көрсетілді

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің депутаттары кеңейтілген жиын өткізді. Онда сот жүйесін және іс жүргізу заңнамасын жетілдіруге қатысты заң талқыланды, деп жазады Egemen.kz.

Парламент депутаттары бастамашы болған заң сотта қорғалу құқығын жүзеге асырудың құқықтық кепілдіктерін күшейтуге, әділ сот жүргізу сапасын арттыруға, судьялардың біліктілігі мен жауапкершілігін күшейтуге бағытталған. Заң Қылмыстық-процестік, Азаматтық процестік, Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстерге және басқа да заңдарға өзгеріс енгізуді көздейді.

Құжатта азаматтық және қылмыстық іс жөніндегі істерді кассациялық инстанцияда алдын ала қарауды алып тастау ұсынылып отыр. Кассациялық инстанцияда істі алдын ала қарау алып тасталған жағдайда қылмыстық және азаматтық істерді кассациялық инстанцияда қарау мерзімі қайта қаралып, әкімшілік істерге ұқсас, бірақ алты айдан аспайтын уақытқа белгіленеді.

Заңда 3 кодекс пен 6 заңды қоса алғанда, 9 заңнамалық актіге өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылған.

Депутаттар кеңейтілген отырыс қорытындысы бойынша заңды Палатаға қарауға жіберу туралы шешім қабылдады.

Айта кетейік, кассациялық инстанция сотына облыс және Жоғарғы сот алқалары жатады. Олар сот тергеуін жүргізбестен тек іс қағаздары мен қосымша дәлелдер жинау арқылы төменгі соттың әлі заңды күшіне енбеген шешімінің немесе үкімінің заңдылығын тексереді.