Ақтөбе облысындағы тас жолдардың бірінде жүк көлігі мен жолаушылар мінген автобус жол апатына ұшыраған, деп хабарлайды Egemen.kz.
5 қарашада облыста ауа райы күрт бұзылып, жолдарда көктайғақ пайда болған. Ал кей жерлерде боран соққан. Салдарынан Ақтөбе-Астрахань бағытында жол апаты болған. Қандыағаш қаласына бет алған жолаушылар автобусы жүк көлігіне соғылған.
«Ақтөбе-Астрахань тас жолында Алғын ауданы Тамды ауылының маңында Howa жүк көлігі мен «Ютонг» автобусы соқтығысқан. Апат салдарынан автобус жүргізушісі Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жол апаты салдарынан 59 жастағы ер адам дене жарақаттарын алған.