• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Оқиға 06 Қараша, 2024

Атыраудағы сауда орталықтарының бірінде блогерлерді соққыға жыққан

569 рет
көрсетілді

Атыраудағы сауда орталықтарының бірінде блогерлерді тікелей эфирге шыққаны үшін соққыға жыққан, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық сотқа сілтеме жасап.

Іс Атырау қаласының №2 сотында қаралған. Соттың хабарлауынша, блогерлер қаланың сауда орталықтарының бірінің бутигіне кіріп, тікелей эфирге шығып, сауда орталығының санитарлық нормаларды сақтамауы бойынша полиция қызметкерлерін шақырған.

Анықталғандай, бутик иесінің ұлы  блогерлер сатушыларға жұмыс жасауға кедергі келтіріп жатыр деген ойға келіп, ашуланып, күш қолданған. Оларды сауда орталығынан шығаруға тырысып,  денсаулықтарына зиян келтірместен, тән ауруына ұшыратқан.

Прокурор сотталушыны 40 тәулікке қамаққа алып, жәбірленушілердің азаматтық талап арыздарын толық қанағаттандыруды сұраған. Айыпталушы кінәсін мойындамай, өзін ақтауды өтінген. Ал, жәбірленушілер оған қатаң жаза тағайындауды сұраған.

«ҚК-тің 109-1-бабының 2-бөлігінің 1-тармағында 100-ден 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 100-ден 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 30 тәуліктен 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жаза көзделген. Сотталушы ҚК-тің 109-1-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен кінәлі деп танылып, оған 461 500 теңге (125 айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салу жазасы тағайындалды. ҚК-тің 98-3-бабының негізінде оның жүріс-тұрысына 3 ай мерзімге ерекше талаптар белгіленді. Азаматтық талап арыздары ішінара қанағаттандырылды: сотталушыдан жәбірленушілердің әр қайсысының пайдасына 200 мың теңгеден моральдық залал өтемақысы өндірілді», делінген сот хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.