• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Есірткі 06 Қараша, 2024

Жетісуда есірткі саудалаған азамат сотталды

142 рет
көрсетілді

Жетісу облысында синтетикалық есірткі саудалаған азаматқа қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz. 

 

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен полицейлер Жаркент қаласының аумағында тыйым салынған заттарды таратумен айналысқан 20 жастағы Алматы тұрғынын ұстады.

Ұстау «Мефедрон» синтетикалық препаратын салу кезінде орын алды. Тергеу амалдары барысында «Х» есімді азаматтың есірткіні Панфилов ауданының әртүрлі жерлерінде қалдыру арқылы таратқаны белгілі болды.

Сот «Х» есімді азаматты есірткі сатқаны үшін кінәлі деп тауып, оны 7 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енді.

Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен құқық қорғау және арнайы органдар азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау мақсатында есірткінің, әсіресе синтетикалық есірткінің заңсыз айналымының жолын кесу бойынша белсенді жұмысын жалғастырып жатыр.