• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Елорда 06 Қараша, 2024

Астанада қатты желден кран құлап кетті

159 рет
көрсетілді

Астанада қатты желдің салдарынан мұнара краны құлап қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Әлеуметтік желіде құлаған кранның видеосы тарады. Видео авторы құрылыс алаңындағы басқа крандардың да құлау қаупі бар екенін айтып, шара қабылдауды сұраған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кранның құлауы желдің күрт күшеюі мен кранның уақтылы күшейтілмеуі салдарынан болған.

«Сарыарқа ауданы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 25/4, «Рио-де-Жанейро» құрылыс алаңында (бас мердігер «G-park» ЖШС) КБ-405 мұнара краны дауылды желдің салдарынан құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп – желдің күрт күшеюі және кран рельс жолдарында кранның уақтылы күшейтілмеуі», делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында.

Еске сала кетейік, кеше қатты желдің салдарынан Ақтауда аялдама құлап, бір адам зардап шеккен еді.