4-5 қараша күндері Эмманюэль Макронның шақыруымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға барған еді. Осы сапарда Франция президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құрметіне орай Елисей сарайында мемлекеттік қабылдау өткізген болатын, деп жазады Egemen.kz.
Осы қабылдау кешінде талантымен әлемге есімі әйгілі Димаш Құдайберген ән шырқаған. Президент кеңесшісі әрі баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында Димаш әнімен жиналған қауымды тәнті еткенін жазды.
«Димашымыздың Париж төрінде шырқаған екінші әні атақты «Дайдидау». Елисей сарайында қос Президенттің алдында орындаған екі әнін де мемлекеттік қабылдауға жиналған жұртшылық өте жылы қабылдады. Осы екі әннің видеосын жолдаған француздық әріптесім Анастасия Колосимоға айрықша рахметімді айтамын», деді Берік Уәли.