Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қар құрсауында қалып қойған 7 адамды құтқарды, оның ішінде 5 бала бар, деп жазады Egemen.kz.
Бүгін таңертең Осакаровка ауданына қарасты Степное ауылынан 10 шақырым жерде жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойған.
Оқиға орнына жеткен құтқарушылар көліктегілерді қауіпсіз жерге шығарған. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмаған. 7 қарағандылық жақын маңдағы елдімекенге жеткізілген.
ТЖМ тұрғындарға күн райының өзгеруіне байланысты жолдардағы қозғалыстың шектелуі туралы ресми хабарламаларды бақылауды ескертеді.