• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Қараша, 2024

Жетісуда мал ұрлығының 80 фактісі тіркелді

92 рет
көрсетілді

Оның ішінде полиция қызметкерлерімен 46 қылмыс ашылып, ұрлыққа қатысы бар 25 күдікті тұлғаға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды. Бұл туралы Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз-мәслихатында облыстық ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Мади Бағдат баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz. 

21 жәбірленушіге ұрланған малдары қайтарылып, күдіктімен татуласуына байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылған. 12 қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде ұрланған 259  малдың 153-і табылып, мал иелеріне қайтарылды.

Атап өтейік, бүгінде 2023-2024 жылдарға арналған мал ұрлығының алдын алу тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Спикер өз сөзінде малдың барлық түрлерін міндетті түрде чиптеу мәселесін де атап өтті. Чиппен белгілеу малды 100% есепке алуға, олардың жай-күйін бақылап отыруға мүмкіндік береді. Одан бөлек, жылқыға арналған спутниктік GPS трекер бақылау жүйесін орнатып малдарын сақтап қалуға мүмкіндік беретіні жайлы халық арасында түсіндіру жұмыстары жиі жүргізіліп жатыр.