• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 15 Қараша, 2024

Жоғарғы Сот сотталушыларға қатысты сот актілерінің күшін жойды

64 рет
көрсетілді

Жоғарғы Сот тергеудің толық жүргізілмеуіне байланысты Т.-ға және Р.Т.-ға қатысты сот актілерінің күшін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот үкімімен Т., бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін ұрлағаны үшін (ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы), ал Р.Т. - ұрлыққа қатысқаны үшін (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабының 4-бөлігінің 2) тармағы) 7 жылға бас бостандығынан айыруға сотталған.

Тағылған айыпқа сәйкес, Т., ЖШС-нің сауда өкілі бола тұра, күйеуі Р.Т. көмегімен тауарларды кассаға қаражатсыз өткізіп, заңсыз иемденген, сондай-ақ тауарларды шот-фактурасыз әкеткен.

Нәтижесінде ЖШС жалпы сомасы 72 миллион теңгеден астам шығынға ұшыраған.

«Істі қарау нәтижелері бойынша кассациялық сот алқасы келесідей қорытындыға келді.Іс материалдарын зерделеу көрсеткендей, Т.-ға 44 млн. теңгенің тауарын ұрлағаны үшін айып тағылған шот-фактураларда соңғысының қолтаңбасы жоқ. Қойма меңгерушісінің, қоймашылардың, бақылаушылардың айғақтары жан-жақты тексерілмеген және іс бойынша басқа дәлелдермен салыстырылмаған.Сотталғандардың қоймалардан тауарды шот-фактурасыз шығаруға қатысты уәждері жоққа шығарылмаған, керісінше, куәгер-сауда өкілдерінің айғақтарымен, сондай-ақ қоймашылардың айғақтарымен расталған. Серіктестіктің сауда өкілдерінің ұялы телефондары сараптамадан өтпеген. Тауарларға өтінімдер бойынша сот-техникалық сараптама тағайындалмаған. Іс бойынша жүргізілген сот-бухгалтерлік сараптамалардың сенімділігі мен объективтілігі олардың бұзушылықтармен жүргізілуіне күмән келтіреді, яғни ұрлықтың нақты сомасы анықталмаған. ҚПК-нің 24-бабына сәйкес істі дұрыс шешу үшін қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін барлық шаралар қабылдануы тиіс», делінген Жоғарғы Соттың хабарламасында.

Сондықтан сот алқасы сот актілерінің күшін жойып, апелляциялық сатыдағы сотқа жаңадан қарауға жіберген.