• RUB:
    4.98
  • USD:
    495.95
  • EUR:
    524.37
Басты сайтқа өту
Архив Бүгін, 08:00

Ақын мұрасы архивте

25 рет
көрсетілді

Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, ақын, Халық жазушысы Фа­­риза Оң­ғарсынованың мұрасын перзенті Алмас Он­ғарсынов елор­да төріндегі Ұлттық архивтің қорына тапсырды.

«Мұндай үрдіс соңғы жылдары дәстүрге айналды. Хал­қымыздың танымал тұл­ға­лары құжаттары мен жеке қо­рында сақталған құнды жә­дігер­лерін архивке әкеліп тапсырады. Бұл, бір жағынан, мекеме қорын толықтырса, екіншіден – бо­лашақ ұрпақтың ғылыми-қоғамдық зерттеуіне қажет болары анық», дейді мекеме басшысы Сағила Есімсейітқызы.

Ендігі кезекте бұл қатарға қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың мұрасы қо­сылды. 

Әрбіріне жеке-жеке тоқ­талар болсақ, кезінде «Жалын», «Жазушы» баспасымен жа­саған келісімшарттары, өз қо­лымен жазған өмірбаяны, қызметтік хаттары, отбасы ше­жіресі, оқыр­мандары мен дос­тарынан келген хаттар, әр жылдары түскен фо­то-сурет­тері, өз қаламынан ту­ған «Бақыт пен Мұң» драмасы, «Кәмшат» деректі хикая­ты, «Жер астындағы теңіз», «Әке үміті», «Қыз ғұмыры», т.б. туын­ды­ла­рының қолжазба нұсқалары бар екен.

Сонымен қатар аударма­лары, ақын апамыздың шы­ғармашылығы хақында пі­кір білдірген: Ғ.Мүсірепов, Ә.Тә­жібаев, К.Ахметова қатарлы қалам­герлер қол­таң­­­басы, т.б. мұралар сөре­ден орын алды.

«Алдағы уақытта ақын апа­мыздың тізімге алынған мұра­ларының уақыты анық­талады һәм құжаттар сипатына (түп­нұсқа ма, әлде көшірме ме) ғы­­лыми-сараптама жасалады» дей­ді архив мамандары.