• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Оқиға 18 Қараша, 2024

170 мыңнан астам адам өзін-өзі құмар ойындардан шектеген

63 рет
көрсетілді

Өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Туризм және спорт министрлігі Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің мәліметіне сәйкес, eGov мобильді қосымшасы арқылы құмар ойындардан өзін-өзі шектеуге 168 250 адам, жазбаша түрде 2 311 адам өтініш берген.

Сонымен қатар құмар ойындарға қатысудан өзін шектегендер арасында ең көп үлес 31-35 жас аралығындағы азаматтарға тиесілі екені белгілі болды.

eGov mobile арқылы – 40 212 адам (жалпы санның 23,90%); Жазбаша – 836 адам (жалпы санның 36,17%).

2024 жылдың 18 наурызында басталған өзін құмар ойындардан, бәс тігуден шектеу бойынша онлайн қызметті енгізу жөніндегі министрліктің пилоттық жобасы оң нәтиже көрсетіп, құмар ойындарға қатысудың төмендеуіне ықпал етіп келеді.

Пилоттық жобаны пайдалануға енгізгеннен кейін бір айда (18.04.2024 ж.) eGov mobile арқылы 35 342 өтініш берілсе, 15.11.2024 ж. берілген өтініштердің саны 168 250 құраған.Сонымен қатар азаматтардың дәстүрлі қағаз жүзінде өзін-өзі шектеуге өтініш беруден мобильді қосымша арқылы онлайн өтініш беруге біртіндеп көшуі байқалады.