• RUB:
    4.97
  • USD:
    497.26
  • EUR:
    525.21
Басты сайтқа өту
Президент Кеше

Мемлекет басшысы Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдерінің көрмесін аралады

40 рет
көрсетілді

Қасым-Жомарт Тоқаев Сербия Президенті Александр Вучичпен бірге Белград маңындағы «Батайница» аэродромына қойылған әскери-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының көрмесін аралады, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Сербия – әскери мақсаттағы тауарлардың экспорты бойынша аймақтағы көшбасшы ел. Қазір Сербияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдері әлемнің 70 мемлекетіне, соның ішінде БАӘ, Сауд Арабиясы, АҚШ, Болгария, Индонезия сияқты елдерге жеткізіледі.

Көрмеде құрлық әскерінің жауынгерлік техникаларының, сербиялық қару-жарақпен жабдықталған тікұшақтардың, әуе қорғанысы жүйелерінің, атыс қаруларының, артиллериялық және басқа да оқ-дәрілердің, миналар мен минометтердің үлгілері ұсынылған.

Сербияның осы бағыттағы мол тәжірибесі Қазақстанның қорғаныс әлеуетін нығайтуға ықпал ете алады.