• RUB:
    4.97
  • USD:
    497.26
  • EUR:
    525.21
Басты сайтқа өту
Заң Бүгін, 09:25

Халықаралық байланыс орнатты

28 рет
көрсетілді

Жуырда Сот әкімшілігі мамандары Сингапурде өткен халықаралық конференцияда елдің сот жүйесін реформалаудағы жетістіктерін таныс­тырып, келісімге қол қойды.

Жоғарғы соттың баспасөз қызметі мәлімдегендей, конференцияға 5 құр­лықтың 53 елінен 240 делегат қатысқан.

Іс-шара барысында елдің Сот әкім­шілігі мен Халықаралық сот әкімші­лігі қауым­дастығы (IACA) екіжақты ын­ты­мақ­тас­тықтың жаңа кезеңі туралы меморан­­дум­ға қол қойған. ІAСА пре­­зиденті Луис Ма­рия Пальма мен Қазақ­станның Сот әкім­ші­лі­гінің басшы­сы Наиль Ахметзакиров қол қойған құжат үздік әлемдік практика­ны енгізуге бағыт­талған серіктестікті білдіреді.

Елдің делегациясы конференция­да сот ісін жүргізуді цифрландыру, сот төрелі­гінің қолжетімділігі мен процестер­дің ашықтығын арттыру­дағы тәжірибе­лерімен бөліскен. Айта кетейік, отандық мамандар азамат­тардың сот жүйесіне сенімін нығайтуға көмектесетін технологияларды енгізуге ерекше мән береді.

Сондай-ақ іс-шара аясында отандық делегация Сингапур Жоғарғы сотының төрағасы Сундараш Менонмен кездескен. Онда цифрландыру және сот әкімшілігін жетілдіру саласында бірлескен бастамалар талқыланды.

Жалпы меморандумға қол қойып, аталған маңызды іс-шараларға қатысу елдің озық тәжірибені үйренуге және халықаралық ынтымақтастықты ны­ғайту­ға ден қойғанын көрсетеді.